8-10 сыныптар арасында «Read X» жобасы өтілді. » М.Жалилов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 31-5-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сентябрь
2023

8-10 сыныптар арасында «Read X» жобасы өтілді.

Алматы облысының білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің " М.Жалилов атвндағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-10 сыныптар арасында  «Read X» жобасы  өтілді.
 Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқылым және айтылым дағдыларын дамыту
 Жобаның міндеттері:
 1. Мектеп оқушыларының  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге дағыдыландыру;
 2.  Топтық ,жұптық жұмыстар арқылы ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
      3.  Оқушыларға өзара талдау жұмыстарын жасаттыра отырып,  Жада аймағында дамуын қалыптасыру .
    Іс-шара акт залда ұйымдастырылды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Мергенбаева жобаны жүргізу барысында кіріспе сөз сөйлеп, жобаға қатысушыларды таныстырып өтті. Жобаға 8 А сынып оқушысы Ибрагим Арай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, 9 А сынып оқушысы Келген  Әсел қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, 10 Ә сынып оқушысы Бауыржанқызы Меруерт ағылшын тілі пәнінен, 10 Ә сынып оқушысы Бақыталиұлы Санат ағылшын тілі пәнінен, 10 Б сынып оқушысы Ашимова Луиза орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, 8 Ә сынып оқушысы Амруллаева Дильбахар  орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қатысты. Жоба барысында  Ибрагим Арай Мұхтар Шахановтың  «Қызыл Жебе » шығармасының таныстырылымын жасады, Келген Әсел Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» және Роберт Стивенсонның «Қазына аралы» атты шығармаларының  таныстырылымын жасады. Бауыржанқызы Меруерт Джек Лондонның  «Теңіз қорқауы» шығармасын таныстырса, Бақыталиұлы Санат Джоан Роулингтың «Гарри Поттер» шығармасын таныстырды. Амруллаева Дильбахар Роберт Киосокидің «Бедный папа, богатый папа» шығармасын,  Ашимова Луиза И.Тургеновтың  «Ася» шығармасын таныстырды. Жоба барысында  көрермендерге сұрақтар қойылып,  сыйлықтар табыс етілді. Презентациялар таныстырылымы аяқталған соң  мұғалімдер екі топқа бөлініп «Кроссенс» әдісі арқылы ертегі атауларын тапты.
Жоба қорытындыланып, 8-11 сынып оқушылары жобаны жалғастыру үшін ұнаған шығармаларын атап айтты. Пән мұғалімдері М.Мадишева мен мектеп әкімшілігі өз пікірлерімен бөлісті.

​​​