Бокенов Ерлик Ерболович
Өмірбаян
Бокенов Ерлик Ерболович 1990 жылы 11 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауында дүниеге келген. 2009 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Есік қаласындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығына оқуға түсіп, аталған оқу орынын 2012 жылы бітірді. 2012 жылы Сүмбе ауылындағы «Жаңасай негізгі мектебіне» педагог-психолог қызметіне орналасты. 2013 жылы Кетпен ауылындағы «М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзін-өзі тану пәні мұғалімі қызметіне тағайындалды. 2016 жылы Алматы қаласындағы «Алматы университетінің» «Педагогика-психология» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынын бітірді. 2015-2018 жылдар аралығында мектепте педагог-психолог қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021-2022 оқу жылының желтоқсан айының 14-нен бастап аталған мектептің директоры лауазымына тағайындалды.
Отбасында бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған өнегелі әке.